Әскери-әуе күштерінің бөлімдеріне жаңартылған ұшақтар жеткізілді

Чех Республикасынан Қазақстанға жаңғыртудан және күрделі жөндеуден өткен L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді. Олар бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты аясында өндіруші зауытқа жөндеуге жіберілген болатын.

Модернизациядан өткен ұшақтың жаңа цифрлық және катапульттік жүйесі, объективті бақылауы, байланыс құралдары және тағы басқалары жаңарды.

L-39 ұшағы курсанттарды ұшу техникасына алғашқы үйретуге арналған. Онда оқу орындары мен бөлімдердің ұшу құрамының жаттығулары өткізіледі, әуе нысаналарын ұстау, байланысты жауынгерлік іс-әрекетте қолдану элементтері игеріледі, жерүстіндегі нысаналарды зақымдау іс-қимылдары пысықталады.

– Курсанттардың ұшу тәжірибесіне пайдаланатын ұшағы осы. Олар үшін дербес ұшу – маңызды. Себебі ұшу шеберлігін игерудің алғашқы қадамы басталады. Бұдай кейін оларға жай және күрделі пилотажға, бағыт бойынша, бұлттарда, төмен биіктікте ұшуға рұқсат беріледі, – деді авиациялық оқу-жаттығу орталығының командирі полковник Азамат Асанов.

Енді жаңғыртылған ұшу аппараттарында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының үшінші курс курсанттары тағылымдамадан өтуде. Ұшу басталғанға дейін болашақ ұшқыштар ұшақтың теориялық және материалдық бөлігін, ұшу жұмысын және ерекше жағдайларда әрекет ету тәртібін реттейтін құжаттаманы зерделеді. Жаңартылған L-39 оқу-жаттығу жауынгерлік ұшағын меңгеруге тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1636 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3963
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2646
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3359
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить