Арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді

Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас Прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов мәлімдеді.

«Мысалы, Тараз қаласы сотының үкімімен Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған «Макаров», «Стечкин» жүйесінің жауынгерлік тапаншаларын және оқ-дәрілерді сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғын сотталды. Аталған азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу органдарына көмек көрсетті. Осы жағдайларды ескере отырып, оған екі жыл шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде», - деді Бас Прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізілуде. Мыңнан астам адам істер бойынша күдікті ретінде танылды. Әрқайсысымен жауап алу, беттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау сияқты және басқада кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеу бар. Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруда», - деді Сәбитов.

БП тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы мен заңдылықты қамтамасыз етуде. Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1555 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3869
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3283
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Как ведет свой бизнес Баян Алагузова?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить