2022 жылғы 22-29 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 29 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,4%-ға (483,88 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 477,09 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Оның ішіндегі маңыздысы – шілдедегі отырыстың қорытындысы бойынша АҚШ ФРЖ-ның есептік мөлшерлемені 2,35-2,5%-ға дейін 75 б.п. арттыруы болды. Бұл көптеген талдаушылардың болжамына сәйкес келеді. АҚШ экономикасының жай-күйі туралы деректердің шығуы (ЖІӨ екінші тоқсанда жылдық есеппен 0,9%-ға қысқарды) және АҚШ ФРЖ басшысының АҚШ-тағы рецессиядан қауіптеніне байланысты пайыздық мөлшерлемелердің арту қарқынының ықтимал бәсеңдейтіні туралы тиісті риторикасы, көбіне, дамушы нарықтардағы валюталардың оң динамикасын қалыптастарды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының серпіні төмендегідей болды:

Бразилия реалы DXY АҚШ доллары индексінің төмендеуі және шикізат тауарлары бағасының өсуі аясында 6%-ға (5,5-тен 5,17-ге дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы қазынашылық облигациялар кірістілігінің төмендеуі және АҚШ долларының әлсіреуі аясында 1,2%-ға (15014-тен 14834-ке дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка ранды мұнай бағасының өсуі және АҚШ ЖІӨ бойынша әлсіз деректердің шығуы аясында 1,2%-ға (16,83-тен 16,62-ге дейін) нығайды;

Мексика песосы АҚШ ФРЖ-ның кезекті отырысынан кейін 0,8%-ға (20,53-тен 20,37-ге дейін) нығайды;
үнді рупиясы АҚШ ФРЖ басшысының жеңіл риторикасы аясында 0,7%-ға (79,85-тен 79,26-ға дейін) нығайды;

түрік лирасы шамадан тыс жеңіл саясат сақталған кезде Орталық банктің инфляция болжамын жыл соңына дейін 60,4%-ға дейін арттыруы аясында 1,1%-ға (17,73-тен 17,92-ге дейін) әлсіреді;

Ресей рублі Ресейдің қаржы саласындағы билік өкілдерінің бюджет қағидаларын жаңартуға қатысты іс-қимылын күту және валютаға сұраныстың өсуі аясында 7,6%-ға (57,29-дан 61,62-ге дейін) әлсіреді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2013 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3283
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Марат Баккулов: бизнес, который невозможно отобрать

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить