Олжас Ордабаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ордабаев Олжас Темірбекұлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, «Cesar Ritz Colleges Switzerland» (Цезарь Ритц колледжі Швейцария, Манчестер Метрополитан университеті) бітірген.

2007-2014 жылдары бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды.

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП, Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2303 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить