Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған сенаторлар белгілі болды

 Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған депуттатар белгілі болды.

24 тамызда өткен сайлау қорытындысы туралы жиынға ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысты.

Нұрлан Әбдіров отырысты аша отырып, жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау алғаш рет өткізілгенін атап өтті.

Жиындай айтылғанда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау өткізілді деп танылды.

Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысты. Яғни, барлық өңірлерде кворумға қол жетті.

Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен.

Дауыс беру, өзге де сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті.

Сонымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

· Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы;

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;

· Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы;

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;

· Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы;

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы сайланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады.

Сонымен қатар, олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3178 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3841
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2504
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3251
10 января родились
бизнесмен в сфере медиа и телекоммуникаций, издатель Forbes в Казахстане, Грузии
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить