ОСК Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Сенат депутаттарын тіркеді

2022 жылғы 31 тамызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа парламент сенатына сайланған депутаттар және бейнеконференция байланысы режимінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысты аша отырып, «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы парламенттің сайланған депутаттарын тіркеуді жүргізеді, Ортсайлауком әрбір депутатқа белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыс етеді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46 және 82-баптарына және «2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 56/526 қаулысына сәйкес «2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы парламентінің сенатына 6 депутат тіркелді. Оның ішінде: 3 депутат 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне, 3 депутат 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді, оның ішінде:

Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы парламенті сенатының тіркелген депутаттарына куәліктер мен омырауға тағатын белгілерін табыс етті.

Отырыс соңында Нұрлан Әбдіров сайланған депутаттарға республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органдағы қызметтеріне табыс және жемісті жұмыс тіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2113 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить