Елорда әкімдігі тұрғындарға қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау керектігін хабарлайды

Оқу жылы басталып, демалыс маусымының аяқталуына орай қала жолдарында көлік ағыны артады. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір көшелерде жол жұмыстары жүріп жатыр. Осының бәрін ескере отырып, өз маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алғаныңыз жөн.

Көлік басқармасына желіге барынша көбірек қоғамдық көлік шығуы, сұранысқа ие маршруттарға қосымша автобустар шығару тапсырылды. Биыл жыл соңына дейін тағы 100 жаңа электр автобусын іске қосу жоспарланып отыр.

Көшелерде көлік ағынын сейілту үшін биыл тамыз айында Ұлы дала көпірінде қозғалыс ашылды. Көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын ішінара сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.

Сол сияқты А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан – Қарағанды трассасына дейінгі аралығы) құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша бұл маңайда қозғалыс биыл күзде ашылады. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жақ бөлігі арасында көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір келесі жылы ашылады. Ол Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1055 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2536
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3281
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить