Ақтауда жаңа ботаникалық бақ ашылды

Ақтаудағы 34 А шағынауданда Маңғыстау тәжірибелік-ботаникалық бағы ашылды. Бақтың жалпы ауданы - 10 гектар. Ерекше қорғалатын табиғи аймаққа маңғыстаулық, жезқазғандық және алтайлық мамандар жұмысқа тартылған, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Ботаникалық бақтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасарлары Бекбол Орынбасаров пен Ұлықбек Тналиев, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай және Қазақстан, Ресей және Әзірбайжаннан келген ғалымдар қатысты.

– Сіздерді ботаникалық бақтың жаңа аумағының ашылуымен құттықтаймын. Бақ қызметкерлеріне өңірімізді көгалдандыруға қосқан үлестері үшін рақмет айтамын. Бақ ұжымына таусылмас қуат, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін, – деді Бекбол Орынбасаров.

Жаңа ботаникалық бақ мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен ашылып отыр.

- Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша байқауда жеңіске жеттік. Бірден негізгі жұмысқа кірістік. Бүгін, міне, жұмысымыздың нәтижесін көріп отырсыздар, – деді «Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы» РМК бас директоры Ақжүніс Иманбаева.

Орталық Сібір ботаникалық бағы дендрология зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Евгений Банаев бұл жұмысты жоғары бағалады.

- Үш жыл бұрын мұнда іс жүзінде ештеңе болған жоқ. Қазір нағыз оазис, таңғаларлық, орасан зор нәтижені көріп, куәсі болып тұрмыз. Әрине, мұнда басшының да, ұжымның да еңбегі зор. Бау-бақша өсірумен қатар, қаланың өзін абаттандыруға да көп көңіл бөлінетінін білемін. Тұрақты суару, жасыл аумақтарды күтіп ұстау қажет. Ең бастысы, бүгінде бай ғылыми тәжірибе жинақтай аламыз. Өйткені мұндағының барлығын қарапайым қолмен жасау мүмкін емес.

Маңғыстау аймағы шөлейтті. Бұл өңірде жасыл-желек өсіру өте қиын, қолайсыз. Осыған қарамастан көп тер төгіліп жатыр, – деді Евгений Банаев.

Қонақтарға жаңа ботаникалық бақ аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Олар әр түрлі су өсімдіктерін өсіретін жаңа су қоймасы, тұқым шаруашылығы, физиология және биохимия зертханалары, Қазақстанның табиғи флорасы бар гербарий қорымен танысты.

Іс-шара Маңғыстау тәжірибелік-ботаникалық бағының құрылғанына 50 жыл толуына арналған конференциямен жалғасты.

Конференция барысында өңірді көгалдандыру жөнінде жазылған ғылыми кітаптың тұсауы кесілді.

-Осы кітаптың шығу негізінде облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы біздің өлкемізді көгалдандыру мәселесі ғылыми практикалық негіздемелермен шешілу мақсатында ботаникалық бақтарды араластырды. Соған байланысты көгалдандыру мәселесінде үлкен жоспар құрып, өзіміздің өлкемізді жасыл желекке айналуына орасан зор еңбегімізді көрсетіп жатырмыз. Осыған дейін біз өсімдіктердің 275 түрін ұсынғанбыз. Ал жаңа еңбекте 411 түрін енгіздік, дейді «Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы» РМК бас директоры Ақжүніс Иманбаева.

Сонымен қатар, шарада шетелдік және қазақстандық ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Барлығы 56 ғылыми баяндама ұсынылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1344 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2537
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3282
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Антон Долин: отъезд из России, коллеги по «Вечернему Урганту», русское кино во время войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить