Егін жинау науқаны басталғаннан бері 6,1 миллион гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды

Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық шаруалар 6,1 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың 38% астамын құрайды. 12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық (2021 жылы осындай күнге 5,1 млн тонна бастырылған болатын).

Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізілуі және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал етті.

Ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр.

Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі пысықталғанын атап өту қажет. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді.

Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ол үшін ведомствода барлық туындаған проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1675 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3867
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2535
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3281
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить