Битум жеткізуді тездетпесек, оның қыста қажеті болмай қалады – Смайылов

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Атырау облысын дамытудың өзекті проблемаларын шешу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес барысында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау, облыстық және аудандық маңызы бар көпірлер мен автомобиль жолдарын салу, көпфункционалды медициналық мекемелерді (оның ішіде перинаталдық және онкологиялық бөлімшелер), кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау, «Болашақ» зауытында және суландыру-суару каналдарында жөндеу жұмыстарын аяқтау, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау үшін қосымша қаражат бөлу, үш ауысымды оқытуды азайту, білім беру нысандарын салу және өзге де мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Серік Шапкенов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева және Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндама жасады.

Индустрия министрі биыл жергілікті жолдар желісін салуға және реконструкциялауға 13,6 млрд теңге бөлінгенін хабарлады: құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрлерімен 45 км жол қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша олардың нормативтік жағдайдағы үлесін 74% дейін жеткізу жоспарлануда.

Премьер-Министр жолдардың сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жеделдету қажет екенін атап өтті, қазіргі кезде бұл – еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

«Егер битум жеткізуді тездетпесек, оның қыста қажеті болмай қалады. Барлық шешімдер тиісті деңгейде қабылданды. Бұл мәселені күнделікті бақылауға алып, битум жеткізуді жеделдету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдарға Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаралған барлық мәселелерді уақытылы және толық пысықтауды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2918 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2536
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3281
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить