Алтай Көлгінов мұғалімдерді мерекемен құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Педагогтерді кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!

Ұстаз еңбегін толығымен бағалау мүмкін емес. Педагогтер балаларымызды оқытып қана қоймай, олардың қарым-қабілеттері мен қасиеттерін ашуға, өмірде өз орындарын табуға көмектеседі.

Мұғалімдер – болашақтың жасампаздары! Кез келген мұғалімнің артында қаламыз бен мемлекетіміздің білімді азаматтарының бірнеше буыны тұр.

Мемлекет басшысы сапалы білім беру мен педагогтерге еңбекте жайлы жағдайлардың жасалуына ерекше көңіл бөледі. «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданды, жыл сайын ұстаздардың жалақысы өсіп жатыр.

Өз тарапымыздан мектеп инфрақұрылымын жақсарту мен мұғалімдерге жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Жылда білім мекемелерін салып, жоғары оқу орындарында тегін оқуға гранттарды бөліп жатырмыз. Тұрғын үй, басқа да мәселелерге көңіл бөлеміз.

Педагогтерімізді шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын!",-деп жазды әкім.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3549 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2536
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3282
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить