Өзбекстанмен шекарадағы бекеттер уақытша жабылады

Желтоқсаннан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады, деп хабарлайды  Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтері бекіткен екі ел шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кедендік бақылау комитетінің кездесуі аясында тараптар биылғы 1 желтоқсаннан бастап «Қапланбек» – «Зангиота» өткізу бекеттерін қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласқан.

«Қайта құру қорытындысы бойынша 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жүргізіледі, «Қапланбек» өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлік құралына дейін ұлғайтылады, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады.

Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді», - деп жазды ведомстводан.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді және ірі тасымалдаушыларды көлік құралдары мен жеке тұлғалардың ағынын шекараның осы учаскесіндегі басқа «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Целинный» өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына сәйкес қайта бөлу жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1704 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3868
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2536
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3281
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить