Қараша айында ауа райы қандай болады

Қараша - қыс алдындағы маусымның бірінші айы.

Қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, жауын-шашын Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста - норма шамасында. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қараша айының басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райына ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Атмосфералық ағындармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында жауып, көктайғақ болады және жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді», - делінген хабарламада.

Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағынан кетеді. Бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады. Жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, күн құбылмалы болады. Термометр бағаны елдің солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Алайда, Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары келіп, күн жылынуы да мүмкін.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2920 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Еркин Татишев: про победу в конкурсе, январские события, образование и проблемы бизнеса

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить