Астаналық паракаратэшілер Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
25-30 қазан аралығында Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Оған 16 мемлекеттің спортшылары қатысты.
Ел намысын қорғаған елордалық Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) мен Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санаты) «ката» дисципилинасында лайықты өнер көрсетіп, жарыста жеңіске жетті. Екеуі де алтын медаль алды.
Вам может быть интересно: «Глава ООН подчеркнул важную роль городов в содействии глобальному устойчивому развитию»
