Жалпы, соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті

Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы жылдары ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Ғылымды дамыту бағыты бағдарламалық құжаттарда бекітіліп, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді. Негізгі міндеттер айқындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки мәлім етті, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Ең әуелі, Ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгерді. Жалпы, соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті. Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар үш жылда бір рет жарияланса, енді конкурстар жыл сайын өткізіледі. Гранттардың жаңа түрлері енгізілді – жас ғалымдарға, коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке гранттар. Нысаналы қаржыландыру нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге ғана бөлінеді. 2017-2018 жылдар Ұлттық кеңестер жұмысына үлкен сын болды. Шешімдер жасырын түрде жабық қабылданатын. Қазіргі таңда Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысының форматы өзгерді», - деді спикер.

Сондай-ақ жетекші ғалымдар наукометрия негізінде таңдалып, кеңес құрамдары 85%-ға жаңартылды. Кеңес отырыстарының міндетті онлайн-трансляциялары, нақты критерийлер арқылы жобаларды қаржыландыру бойынша ашық дауыс беру енгізілді.

«Қазір қаржыландыру немесе одан бас тарту туралы шешімді ғалымдардың өздері қабылдайды. Кеңес мүшелерінің этикалық кодексі қабылданды. Оны бұзу кеңестен шығуға негіз болады. Ұлттық кеңес шешімдерінің объективтілігі мен негізділігін арттыруға бағытталған Апелляциялық комиссия құрылды. Конкурстық рәсімдерді жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Олардың мерзімі 2 есе қысқартылды, ғалымдарға қаржылық дербестік берілді», - деді комитет төрағасы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2260 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3867
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2535
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3281
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить