Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 22 пайызға өсіп, $51 млрд болды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл ҚР Үкіметі жұмысының басымдықтарының бірі болып қала береді.

Пандемия мен басқа да сын-қатерлерге қарамастан, ШЫҰ кеңістігінде дамудың айтарлықтай жоғары динамикасы сақталып отыр.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4-тен 9%-ға дейін ұлғайды, ал Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ға өсіп, $51 млрд-ты құрады.

Әлихан Смайылов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалана отырып, бұл іске үлес қосуға дайын. Мұнда маңызды қадам - селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу болады. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, мемлекеттеріміздің ғылыми селекциялық орталықтарын кооперациялауға жол ашады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр күш-жігерді біріктіріп, перспективасы бар көлік-транзит дәліздерін дамытуға шақырды.

«Ақтау портының Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей» бағытындағы торапқа айналуға әлеуеті зор. Қазіргі жағдайда Транскаспий көлік дәлізінің Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді. Осы бағыттың мүмкіндіктерін бірлесіп іске асыру жүктердің тұрақты көлемінің болуы мен үздіксіз тасымал көлемін қамтамасыз етеді», — деді ол.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2661 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Книгу «Русские и кочевники» Нельсона Фелла презентовали в Алматы
Впервые труд британского инженера вышел в свет в 1916 году
2 мин. 2574
Казахстанские учёные раскрыли тайну кургана Амира Темура
Он находится на сопке Алтыншокы в Улытауской области
4 мин. 6461
«Повелители орды»: как учатся в школе Рахимбаева
Большинство выпускников поступают на гранты
7 мин. 6009
Казахстанские учёные раскрыли тайну кургана Амира Темура
Он находится на сопке Алтыншокы в Улытауской области
4 мин. 6461
Is India′s Economy Overhyped?
Perhaps no phrase better captures the changing views of financial markets and the news media regarding the world′s two largest developing economies than the title of a 2023 S&P report: «China slows, India grows»
5 мин. 5074
28 апреля родились
Ерлан Идрисов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Соединенном Королевстве Великобритании и Северной Ирландии, Исландии, Республике Ирландия
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить