2022 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 310 мыңнан астам қызмет алды

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 276,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 7,1 мың – ымдау тілі қызметін, 26,5 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 87 мың тапсырыс рәсімделді.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 825 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 279 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 650 ымдау тілін қызметін, 92 санаторлық-курорттық емдеуді, 66 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2267 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Книгу «Русские и кочевники» Нельсона Фелла презентовали в Алматы
Впервые труд британского инженера вышел в свет в 1916 году
2 мин. 852
Казахстанские учёные раскрыли тайну кургана Амира Темура
Он находится на сопке Алтыншокы в Улытауской области
4 мин. 1369
«Повелители орды»: как учатся в школе Рахимбаева
Большинство выпускников поступают на гранты
7 мин. 1663
Казахстанские учёные раскрыли тайну кургана Амира Темура
Он находится на сопке Алтыншокы в Улытауской области
4 мин. 1369
Акционеры Halyk получат дивиденды за 2023 год
Решение о выплате принято после того, как банк рассчитался с государством по «старым» долгам
3 мин. 3296
Chevrolet Tahoe: легенда на любой дороге
Tahoe – это икона среди полноразмерных внедорожников, который сочетает в себе мощь, комфорт и передовые технологии
2 мин. 1857
27 апреля родились
основатель компании DAR
Александр Клебанов
председатель совета директоров АО «ЦАТЭК», участник рейтингов самых богатых и самых влиятельных бизнесменов Казахстана
Нурлан Исин
президент Казахстанской ассоциации IT-компаний
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить