ҚР ИИДМ-де битум тапшылығын жоюдың жолдары қарастырылды

Талқылау ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында өтті. Бейнебайланыс форматында ұйымдастырылған басқосуға Автомобиль жолдары комитетінің, Қазақстан жолшылар қауымдастығының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, әкімдіктердің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының, сондай-ақ Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.

Жиында еліміздегі битум тапшылығы мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылып, жол құрылысына қажетті материалды дер кезінде сатып алу және сақтау сияқты сұрақтар көтерілді.

Жиын барысында әкімдіктер мен «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілдері алдағы уақытта битум тапшылығы мен жол-құрылысы жұмыстарының тоқтауы тағы да қайталануы мүмкін екендігін жеткізді. Бұған басты себеп – мердігерлердің битумды сақтайтын жері жоқ болғандықтан, алдын ала сатып ала алмайды. Сондықтан олар дайын асфальт сатып алуға мәжбүр.

«Жол құрылысы саласындағы мердігерлер мезгілдің жылы кезінде битумды жаппай сатып алады. Ал қалған кезеңде битум өндірушілер өнімге деген төмен сұраныстың әсерінен шығынға тап болады. Алайда, олар мұны өнім сұранысқа ие маусымда оның бағасын өсіріп өтейді. «ҚазАвтоЖол» компаниясы мен әкімдіктер Энергетика министрлігімен бірлесіп ай сайын битумды бөлу бойынша бөлуді жүзеге асырады. Бірақ оған негізгі сұраныс жазда келеді», – деп атап өтті жиын қатысушылары.

Басқосу барысында мәселені оңтайлы шешу жолын Қазақстан жолшылар қауымдастығының президенті ұсынды.

«Шұңқырлар битумды сақтайтын ең қолжетімді орын. Бірақ бұл шұңқырларда битум қатып қалады, оны үнемі жылытып отыру қажет. Ал бұдан оның сапасы төмендейді. Демек жолдардың сапасына да тікелей әсер етеді. Шикізатты ангар қоймаларында сақтауға да болады. Өйткені, әрбір мердігердің осындай қоймасы бар. Содан кейін қыста да, жазда да битум сатып алуға болады», – деді Бағлан Баймағамбетов.

Өз кезегінде Энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары Самат Мергенов ведомстволық биржаларда сатылатын битумның үлесін арттыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл тараптағы көрсеткіш 2021 жылдан бері өзгерген жоқ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде әлі күнге дейін битум тапшы екендігіне назар аударып, ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін бұл ұят жағдай екендігін айтқан болатын. Осыған орай Президент Үкіметке бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3793 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Журналистку Джамилю Маричеву оштрафовали
Административный суд Алматы наказал её «за размещение и распространение ложной информации»
2 мин. 889
Галимжан Есенов выкупил акции у миноритариев Jusan Bank на 283 млн тенге
С 2023 года бизнесмен является конечной контролирующий стороной банка и его дочерних компаний
2 мин. 2118
Бишимбаеву вынесли приговор
Его огласили вечером 13 мая. Приговор не вступил в законную силу
3 мин. 20827
FutureMED Ventures KZ - первый казахстанско-американский венчурный фонд по медицине в США
Он специализируется на инновационных медицинских технологиях
5 мин. 6996
Путин отправил в отставку Шойгу и Патрушева
На должность министра обороны президент РФ рекомендовал гражданского чиновника
2 мин. 13708
Сколько получил топ-менеджмент Halyk Bank за 2023 год
Общая сумма больше, чем по итогам 2022-го
2 мин. 6793
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить