АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деп, елден заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
«ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деп көрсетіп елден заңсыз әкету фактісін анықтады. Оның жалпы құны 54 млн теңге, салмағы 165 тонна көлемінде.
Сондай-ақ, 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде сол компания ұсталды» делінген хабарламада.
Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген.
«Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады.
Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, бұрын сатылған бензиннің құны 54 млн теңге сотталған компаниядан мемлекет кірісіне өндірілді.
Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды» деп мәлімдеді ҚМА.
Вам может быть интересно: «Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуына байланысты іс қозғалды»