Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ауқымды жобалар іске асты - Қызылорда облысының әкімі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әрбір ауданды аралап, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізуді қолға алды. Бүгінге дейін 6 ауданға арнайы барып, халықты алаңдатқан сауалдарға сала басшыларымен бірге жауап берді. Бұл туралы  облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдымен Жаңақорған, Арал өңіріндегі тұрғындар мәселесін саралаған облыс әкімі құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы ауданына да барды. Мұнда 400-ден астам азамат өз мәселесін еш кедергісіз жеткізді.

Жеке қабылдауға облыстық сот төрағасы Әділхады Шығамбаев, облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков келді. Сондай-ақ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Серікжан Мырзалы және мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Аманов қатысты.

Жергілікті азаматтар жер телімдерін рәсімдеу, жайылымдық алқапты егістікке ауыстыру, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үйге қол жеткізу, қайтарымсыз грант алу сынды өзекті мәселелерді көтерді.

«14 баланың анасымын. Қабылдауға келіп, жолдасыма жұмыс сұраған болатынмын. Жалғыз өзім еңбек етемін. Балалардың күнделікті тамағы мен киім-кешегіне ақша қажет. Облыс әкімі мәселеме құлақ түріп, ауданда жаңадан ашылатын әлеуметтік нысанның біріне техникалық қызметкер ретінде алуға жәрдемдесуге ынталы екенін жеткізді», - деді батыр ана.

«Мен Қоғалыкөл ауылы мен Қызылорда қаласы арасындағы жол сапасы мәселесін көтерген едім. Аймақ басшысы аудан әкіміне тиісті тапсырма берді, мәселемнің маңызды екенін алға тартты. Ендігіде жол сапасын жақсартуға арнайы жоба дайындалып, бұл мәселе шешімін табатын болды», - дейді аудан тұрғыны Дәулет Қырдан.

Аймақ басшысы әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын айтты және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Құқық қорғау органдарының басшыларынан азаматтар заң аясында тиісті түсіндірме алды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына негізделген мұндай кездесулер жылына екі мәрте ұйымдастырылмақ.

Кездесулер барысында облыс әкімі Сыр өңірінде маңызды әлеуметтік нысандар салынып, жаңа жобалар сәтті жүзеге асып жатқанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының қолдауы негізінде өңірімізде жаңа нысандар құрылысы мен жобалар жүзеге асып жатыр. Барлық салаларда ілгерілеу бар. Жақында ғана түркиялық беделді «Акса энерджи» компаниясымен бірге құны 215 млрд теңгеден асатын, қала аумағын жылу және электрмен толық қамтамасыз ететін, қуаттылығы 240 мегават жылу электр орталығының іргетасын қаладық. Келер жылы құны 13,8 млрд теңге болатын, жылына 24 мың тонна томат пастасын шығаратын зауыт саламыз.

Өңірде 1,6 млрд теңгеге Неке сарайы, 3,7 млрд теңгеге 1 000 орындық Өнер орталығы, сол жағалауда 2,7 млрд теңгеге Қан орталығының іргетасы қаланды.

Жалағаш ауданында 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі пайдалануға берілді. Жаңақорған ауданында құны 790 млн теңге болатын заманауи демалыс паркі ашылды. Сырдария ауданында, Нағи Ілиясов ауылында құны 350 млн теңгені құрайтын «Еңбекшілер паркі» бой көтерді. Теңізді өлке Арал ауданында «Балықшылар монументі мен аллеясы ашылды.

Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд теңге болатын «Аналар үйі» орталығының құрылысы басталды.

Жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қолдауымен құны 12 млрд теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынып жатыр.

Өңірдің Түркістан облысымен шекараласатын тұсынан демеуші есебінен құны 200 млн теңгеге облыстың кіреберіс қақпасы бой көтермек.

Балалар жылына тарту ретінде демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд теңге болатын 80 спорт-ойын алаңын балдырғандарымызға тарту еттік.

«Қазгермұнай» ұлттық компаниясы басшылығымен келісім нәтижесінде Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасы басталады.

5-6 айдың ішінде тек жергілікті кәсіпкерлер 9 млрд теңгеге демеушілік жасап, ауқымды жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсетті.

Шыны зауыты алғашқы өнімін шығарып, көрші мемлекетке экспортқа шығаруға мүмкіндік алды.

Келер жылы денсаулық сақтау саласында 27 нысан салынады. Ал, білім беру бағытында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 15 мемлекеттік мектеп бой көтереді. Спорт жанашырлары үшін заманауи үлгідегі стадион салуға ниеттіміз», - деді Н. Нәлібаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4046 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
По верхней границе диапазона: Zeekr вышла на IPO
Листинг автопроизводителя стал крупнейшим размещением в США среди китайских компаний за последние три года
2 мин. 5019
Двусторонние переговоры Азербайджана и Армении проходят в Алматы
Министры иностранных дел двух стран прибыли в Дом дружбы
2 мин. 1951
Теннисный турнир Visa Open 2024 открыл сезон в Gorky Tennis Park
5 и 6 мая в Gorky Tennis Park было шумно: мощные игры, красивые пары, зрелищные розыгрыши и неожиданные победы. Всё это — Visa Open 2024
2 мин. 1610
По верхней границе диапазона: Zeekr вышла на IPO
Листинг автопроизводителя стал крупнейшим размещением в США среди китайских компаний за последние три года
2 мин. 5019
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 11635
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 5845
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить