Қазақстан ТМД елдерінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесіне төрағалықты Арменияға тапсырды

Ереванда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесінің 35-ші отырысы өтті. Іс-шара барысында Кеңеске Қазақстанның төрағалық ету кезеңіндегі жұмысының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Арменияға төрағалық өкілеттіктері берілді.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ТМД мен Моңғолияға қатысушы елдердің Еңбек инспекцияларының өңірлік альянсы, ЕЭК, кәсіподақтардың жалпы конфедерациясы, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті, бейінді базалық ұйымдар, «Тәуелсіз Мемлекеттер ардагерлерінің (зейнеткерлерінің) қоғамдық ұйымдарының достастығы» Халықаралық Одағының үйлестіру кеңесі, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің делегациясы өкілдері қатысты.

Еліміздің атынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қатысты. Отырыста сөз сөйлеген ол ТМД Атқару комитетінің көмегімен Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде консультативтік кеңес өткізген жұмысы туралы есеп берді.

Кеңестің төрағалығы 2021 жылы Астанада (бұрынғы Нұр-Сұлтан қ.) өткен 34-ші отырыста Беларусьтен Қазақстанға берілді. Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері экономикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін жұмыс түрлерінің, кәсіптер мен лауазымдардың тізбесін ескере отырып, 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыс түрлерінің тізбесіне қатысты ұсыныстарды мақұлдады.

Биылғы жылдың наурыз айында Астанада кеңестің 2017-2021 жылдардағы қызметі туралы есепті тыңдау бойынша отырыс, маусым айында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықты зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екіжақты ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөніндегі бірінші кеңесі, ал қыркүйек айында Астанада әлеуметтік қызметтерді дамыту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды оңалту бойынша бірінші халықаралық конференция өтті.

Ақмәди Сарбасов Кеңестің басқа да жұмысын атап өтті: Еңбекті нормалау, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс топтарының бірқатар отырыстары, сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекетішілік келісу кезеңінен өтіп жатқан ортақ еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді.

35-ші отырыс барысында Сарбасов Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек жағдайы және осы салада қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, вице-министр кеңестің қатысушыларына платформалық жұмыспен қамтуды заңдастыру, жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, еңбек ұтқырлығын ұйымдастыру, республикада халықты ұтымды қоныстандыру мәселелерін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.

Өз сөзінің соңында Ақмәди Сарбасов консультативтік кеңес төрағасы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың атынан Армения Республикасына осы Кеңестің төрағалығын тапсырып, Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Аршақұлына және Кеңестің 35-ші отырысына қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесінің келесі отырысы 2023 жылы Ресейде өтетін болады.

04 қараша 2022

Астанада балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды
04 қараша 2022

Еңбекмині ХЕҰ конвенцияларын олардың Миссиясымен талқылады
04 қараша 2022

Отбасының цифрлық картасы арқылы 7 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
03 қараша 2022

Тамара Дүйсенова Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
03 қараша 2022

Enbek.kz-те 1 желтоқсанға дейін жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау ашылды

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3953 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Теннисный турнир Visa Open 2024 открыл сезон в Gorky Tennis Park
5 и 6 мая в Gorky Tennis Park было шумно: мощные игры, красивые пары, зрелищные розыгрыши и неожиданные победы. Всё это — Visa Open 2024
2 мин. 64
Токаев подписал указ о либерализации экономики
В Казахстане создадут Национальный офис по приватизации
2 мин. 498
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 736
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 4849
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 4122
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 736
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить