Мамлют ауданында ДСП зауыты және сүт фермасы салынуда

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют ауданында екі инвестжобаның жүзеге асырылу барысын тексерді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыста тағы бір заманауи ферма пайда болады. Шаруа Асқар Мәдиев Калугино ауылында 600 басқа арналған сүт фермасын салуда. Жобаның құны – 2,3 млрд теңге. Қуаттылығы жылына 2,7 мың тонна сүтті құрайды. Жаңа ферма 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Айта кету керек, бұл Асқар Мәдиевтің екінші фермасы, біріншісін Петерфельдте ашқан еді. Қазан айында облыста 2 сүт фермасын аштық, жыл соңына дейін тағы алтауын іске қосамыз», – деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Елімізде 2023 жылы жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске қосылады. Облысымызда ДСП шығару бойынша екі жоба жүзеге асуда. Солардың бірі Мамлютка қаласында. «Сапа Инвест Плюс» компаниясы 1,5 млрд инвестиция құюда. Жаңа кәсіпорын 30 мың текше метр ДСП шығармақ. 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Естеріңізге сала кетейін, Петропавлда түрік инвесторы ДСП шығаратын тағы бір зауыт салып жатыр. Ол жылына 50 мың текше метр ДСП шығарады.

«Екі жаңа кәсіпорын 80 мың текше метр өндірмек, бұл импорттық өнімге тәуелділікті ішінара азайтуға мүмкіндік бермек. Айта кету керек, 2021 жылы елімізге 1 млн текше метрден астам ДСП импортталды», – деді облыс әкімі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3097 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 104
Forbes Kazakhstan журналының мамыр айындағы саны қазақ тілінде жарық көрді
Басылымның жаңа санын журналдың бас редакторы Асия Акишева ұсынып отыр
3 мин. 332
Mr. Serik Tolbassy Transfers Assets to REIT TSPG
A Kazakhstan entrepreneur forms new standards for investments in commercial real estate
5 мин. 447
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 3976
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 3356
Казахстанскому бизнесу возместят затраты на покупку оборудования
МСБ смогут вернуть до 40 процентов затраченных средств
3 мин. 2965
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Марат Баккулов: бизнес, который невозможно отобрать

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить