Серік Жұманғарин Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усспен кездесті

Тараптар ел мүдделері тоғысқан тұстарды талқылап, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдарын белгіледі, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Серік Жұманғарин Қазақстан Ресей Федерациясымен аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат етіп отырғанын айтты.

2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Краснояр өлкесі арасындағы сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,7% артып, $75 217,7 мыңды құрады.

Қазірдің өзінде облыстың 200-ге жуық кәсіпорны Қазақстанмен сауда байланысын орнатқан.

2022 жылдың тамызында Ақмола облысының өкілдері мен Краснояр өлкесі губернаторының әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жетті.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Қазақстан мен РФ түрлі бағыттар бойынша өзара байланыстарды нығайту үшін зор мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усс Ресей экспортының жаңа нарықтары мен балама логистикалық бағыттарын іздеуге қызығушылық білдірді.

Өңір басшысы Краснояр өлкесінің бәсекелестік артықшылықтары туралы айтып, қазақстандық кәсіпкерлерді алюминий өңдеу, орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы саласында ынтымақтасуға шақырды.

 

Сондай-ақ өңірде машина жасау және металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, химия салаларында маңызды жобалар бар.

Кездесу соңында қатысушылар тараптар арасында тікелей байланыстарды жедел жолға қою үшін кәсіпорындар тізбесімен алмасуға келісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1805 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Двусторонние переговоры Азербайджана и Армении проходят в Алматы
Министры иностранных дел двух стран прибыли в Дом дружбы
2 мин. 199
Теннисный турнир Visa Open 2024 открыл сезон в Gorky Tennis Park
5 и 6 мая в Gorky Tennis Park было шумно: мощные игры, красивые пары, зрелищные розыгрыши и неожиданные победы. Всё это — Visa Open 2024
2 мин. 204
Токаев подписал указ о либерализации экономики
В Казахстане создадут Национальный офис по приватизации
2 мин. 685
Ветер перемен: что ждёт банковский сектор Казахстана
И как менять его регулирование
11 мин. 5069
Серик Толбасы передаёт активы в REIT TSPG
Казахстанский предприниматель формирует новые стандарты инвестиций в торговую недвижимость
5 мин. 4332
Какие практики Казахстан может перенять у Сингапура
Республике нужен позитивный имидж, уверен работающий в Сингапуре стартапер
7 мин. 876
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

БИРЖА: КАК НЕ ПОТЕРЯТЬ ВСЁ

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить