Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Бүгін Жетісу облысындағы барлық деңгейдегі депутаттар жаңа облыс әкімін сайлауға келісімін берді.

Өңірді басқаруға екі кандидат ұсынылды. Олар - Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев пен облысты алты айдан бері басқарған Бейбіт Исабаев.

Дауыс беру ашық түрде жүргізілді. Яғни, халық қалаулыларының дауысы қол көтеру арқылы саналды.

Осылайша 142 депутаттың 114-і Бейбіт Исабаевтың, 28-і Әсет Масабаевтың кандидатурасын қолдады.

Депутаттардың келісімінен кейін Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойып, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Айта кетейңік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.

1997-2000 жылдарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.

2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1639 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3867
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2535
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
26 января родились
депутат мажилиса парламента РК VII созыва
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить