Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Анбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А. Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Р. Анбаевты таңдады.

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

08.1984 - 10.1984 - совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы

09.1992 - 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

10.1995 - 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

09.2003 - 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы

02.2005 - 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

03.2006 - 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы, Петропавл қаласы

03.2006 - 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Петропавл қаласы

11.2006 - 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

03.2008 - 04.2010 – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

04.2010 - 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Петропавл қаласы

09.2011 - 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1396 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3866
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2535
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
26 января родились
депутат мажилиса парламента РК VII созыва
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить