Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымында қалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген.

В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы, Қазақ қаржы-экономикалық институт, «экономист-менеджер» мамандығы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.

1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.

2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).

2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.

2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.

2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.

2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей.

2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана.

2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2019 жылғы 13 мамырдан бастап — Нұр-сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

2022 жылдың маусымынан - Абай облысының әкімі болып тағайындалды және осы қызметке

2022 жылдың 1 желтоқсанында қайта тағайындалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1906 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3867
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2535
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3280
27 января родились
заместитель председателя правления АО «BCC Invest»
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить