Әлихан Смайылов Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлайды.

Отырысқа қатысушылар биылғы ведомствоаралық жұмыс топтары қызметінің қорытындысын, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Премьер-Министр өз сөзінде Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың барлық саласында үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді, оларды біртіндеп іске асыру керек», — деді Әлихан Смайылов.
Шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1082 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3206
Forbes Video

8 глупых вопросов экономисту о Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить