Теңгедегі депозиттерге өтемақы алуға өтініш беру 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады

2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанға дейін ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз орталығы хабарлайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады, бұл – төленетін өтемақының ықтимал сомасының 85%-ы.

«Сыйақы алуға талаптанған салымшылардың барлығы ЕДБ-ге әлі өтініш берген жоқ. Көбінесе бұл – шағын депозиттердің иелері. Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, салымшылардың жартысынан көбі (54%) – сомасы 10 мың теңгеден аз шот иелері. Негізінен бұл – қаражаты ең төменгі қалдыққа дейін алынған депозиттер. Көлеміне қарамастан, бағдарлама ережелеріне сәйкес келетін барлық депозиттер бойынша сыйақы есептелетінін атап өткім келеді», - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.

Сыйақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет.

«Салымшыларды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісінің өзі бірнеше минутты ғана алады. Банктердің көпшілігі бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады», - деді А. Құдайбергенов.

Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. Сондай-ақ, 10% өтемақы алынуы мүмкін ең жоғары сома – 20 миллион теңге.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1270 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3207
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить