Қазақстан теңгерімді көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастырып келеді - Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлайды.

Сенат спикері Елші Дэниел Розенблюмді Қазақстандағы жұмысының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, ол еліміздің АҚШ-пен ынтымақтастығы біздің мемлекеттің сыртқы саясаттағы, оның ішінде парламентаралық байланыс бойынша аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтты.

«Біз парламентаралық диалогты елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз. Парламентшілеріміздің сапарлары өзара ынтымақтастығымызға оң серпін береді», - деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесуде тараптар парламентаралық қарым-қатынасты жандандыру мәселесіне назар аударды. Сенат төрағасының айтуынша, америкалық конгрессмендердің Қазақстанға сапары оларға біздің елде және өңірде болып жатқан оқиғалармен тікелей танысуға, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылды арттыратын нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси жаңғыртулардың нәтижелеріне тоқталды.

«Қазіргі таңда Парламент және биліктің жергілікті өкілді органдары күшейтіліп жатыр. Біз тиімді, тәуелсіз және жұмыс істейтін өкілді органдарсыз теңгерімді демократиялық саяси жүйе құру мүмкін емес деген қағидаға табан тірейміз. Бүгінде Сенат жұмысындағы негізгі басымдық – Президентіміз жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету», - деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси жаңғыруларды жоғары бағалап, америкалық компаниялар бірқатар бағыт бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент Сенаты Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін қажетті жұмысты әрі қарай жалғастыра беретінін айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1260 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3207
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить