Алматыда «Азия дауысы» фестивалі қашан өтетіні белгілі болды

«Медеу» мұз айдынында 17 жылдан кейін аты аңызға айналған қазақстандық «Азия дауысы» фестивалінің әуендері қайтадан шырқалады. Фестиваль 2023 жылдың шілде айының соңына жоспарланған, деп хабарлайды ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастыру комитеті өз мансабын фестивальдің басты музыка сахнасынан бастаған танымал продюсерлерден тұрады. Бас продюсері Арманжан Байтасов, құрылтайшы және президенті - Ирина Ковыряко, құрылтайшы және вице-президенті заңгер – Темірлан Төлегенов.

«Бүгінде Азия басты назарда және әлемдік мәдениеттің дамуына әсер етеді. Әрине, біз «Азия дауысы» үздік орындаушылар алаңына айналуына және оның беделді болуына мүдделіміз. Фестиваль шілде айының соңына жоспарланған және қазір біздің міндетіміз- әлемдік музыка қауымдастығының жоспарлары туралы хабардар ету және фестивальге өтінімдерді қабылдауды бастау. Әзірге арнайы қонақтар тізімі анықталған жоқ, бірақ көрермендер жұлдыздарды күтуде, сондықтан біз туристерді тартатын, әлемдік деңгейдегі әртістерді шақыруды мақсат қойдық. Біз Алматы қаласы әкімдігінің жобамызға қызығушылық танытып, қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз, өйткені фестивальдің өзі- бүкіл индустрияны дамыту үшін маңызды оқиғалардың тұтас сериясы, атап айтқанда, біз музыкалық продюсерлердің халықаралық форумын өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов.

1990 жылы «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінде алғаш рет 15 мемлекеттен келген қатысушы «Медеу» мұз айдынында өнер көрсеткен еді.

Ал 1993 жылы «Азия дауысы» фестиваль ұйымдастырушылары үкіметаралық федерациясының (ФҰҮФ) мүшесі болды. 1994 жылы фестиваль Канн әлемдік шоу-бизнес фестивалінің (Франция) мамандандырылған сыйлығына ие болды, 1998 жылы Халықаралық федерация ұйымдастырушылары «Азия дауысы» фестивалі әлемнің үздік фестивалі атағына ие болды. Жыл сайын фестиваль қонақтары Сьюзи Кватро, Coolio, «Bomfunk MC's», Жасмин, Валерия, Николай Носков, «Чай вдвоём», «Eruption», Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, Алла Пугачева, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Boney M, Haddaway және тағы басқалары өнер көрсетті. Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев «Азия дауысы» фестивалі қайта жанданатынын айтқан болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1296 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3207
Forbes Video

Арман Сулейменов – IT-звезда Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить