Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде, үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Жедел күдіктінің шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»
