Ресми статистикаға сүйенсек, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайып келеді

Биылғы қаңтар–қараша айларында елімізде тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,9% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.

Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде осындай 903 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бір жылда 7,7% азайған.

Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: бір жыл бұрынғы 135 фактінің орнына 100 жағдай.

Одан кейін Алматы (87 жағдай), Қарағанды (80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстар.

Саладағы құқық бұзушылықтардың ең аз саны жаңадан құрылған үш облыста — Абай, Ұлытау және Жетісуда тіркелді: сәйкесінше 3, 4 және 5 жағдай.


Тіркерлген істердің 97,6%-ы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты: 821 іс — бір жыл бұрынғыдан 7,9% аз. Бұл құқық бұзушылықтардың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауыр (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ адам өлтіру (99 іс) болды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (9 жағдай) және басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (4 іс) жасаған.


Қазақстанда отбасылық бұзқыларға жазаны күшейту жоспарлануда, деп хабарлайды Хабар24. Жыл басынан бергі 10 айда ғана ІІМ мәліметінше, үйдегі батырлар 93 әйелді ұрып өлтірген. Полиция мұндай қылмыстарға қатысты тәсілдерді қайта қарап, заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отыр.

Дегенмен, жазаны қатайту туралы көптен бері айтылып келеді, бірақ, өкінішке қарай, әлі өзгеріс жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2301 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Татьяна Пятина - специалист по BDSM в IT

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить