Adal партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Енді Қазақстанда тіркелген партиялар саны – 6.
Adal партиясы 2022 жылдың сәуірінен AMANAT партиясының құрамына кірген еді.
Бұған дейін аталған ведомство «Respublica» саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өтпегенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, «Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды.
Вам может быть интересно: «FT: Apple может прервать полосу ежеквартального роста выручки впервые за 3,5 года»
