Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 402 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді

Биылғы жылдың 11 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 402 млрд теңгеден астам қаражат төленді. 2022 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 9,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ortcom.kz.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,7 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 184,3 мың адамға жетті.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 50 368 теңгені құрады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға артады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1994 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить