Адвокаттардың 38,6% мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді

Қазіргі уақытта республика бойынша адвокаттық қызметті 5 879 адвокат жүзеге асырады, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге 2 278-і тартылған, бұл адвокаттардың жалпы санының 38,6% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті

Сонымен қатар қабылданған Заң заңгерлік көмек субъектілерінің ауқымы – заң кеңесшілерімен кеңейтілді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда заң консультанттарының жалпы саны 13 010 адамды құрайды, оларды мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өзгерістер енгізілгеннен кейін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны артты. Мысалы, 2021 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегі 122 337 азаматқа, ал бүгінгі күні мемлекет кепілдік берген заң көмегі 169 495 азаматқа көрсетілді. Заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде алған азаматтар саны да артты. 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6%-ы ғана құқықтық кеңес алса, биыл құқықтық кеңес беру 32% құрады», - деді А. Мұқанова.

Вице-министр ведомство республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсету сапасына да назар аударатынын атап өтті. Мысалы, 2022 жылы әділет органдарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде адвокаттардың әрекеттеріне 12 шағым түсті. Шағымды қарау нәтижелері бойынша 3 адвокат адвокаттар алқасынан шығарылды, үш адвокатқа ескертулер мен сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды. Осылайша, сапасыз заң көмегі көрсетілген кезде заң көмегін алған адам әділет органдарына немесе тікелей адвокаттар алқасына шағымдануға құқылы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1942 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить