Азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы қаулы қабылданды

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары қабылданды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Жоғарыда көрсетілген заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарға толықтырулар енгізілді және оларды іске асыру үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1047 және № 1048 қаулылары бекітілді.

Қаулы мыналарды:

Бірінші:

Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығынсыз денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу) нәтижесінде соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражаттың елу пайызы мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем көзделген.

Екінші:

Азаматтық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкері мен әскери қызметшісінің отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде ай сайынғы ақшалай төлем де көзделген.

Бұл ретте отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы), сондай-ақ балалары кәмелетке толғанға дейін немесе күндізгі оқу нысаны бойынша жиырма үш жастан аспайтын шектерде оқу бітіргенге дейін жатады.

Жұбайына (зайыбына) төлеу «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңда көзделген асыраушысынан айрылу жөніндегі жәрдемақылардың төленуіне қарамастан өмір бойы жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкері мен әскери қызметшісінің әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем оның соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражаттың қырық пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте отбасының барлық мүшелеріне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызынан аспауға тиіс.

Үш және одан да көп отбасы мүшелері болған жағдайда, әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызының тең үлесі ретінде есептеледі.

Жоғарыда аталған ақшалай төлемдерді азаматтық қорғау органдары, яғни қызметкердің немесе әскери қызметшінің (ТЖМ, ТЖД, ӨСжәнеАҚЖҚ, АҚА, әскери бөлімдер) соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар қабылданған қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Кадр саясаты – Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын бағыт.

Міндеттері:

1) мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қорғау органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру.

2) азаматтық қорғау органдарында қызметті өткеруді ұйымдастыру.

3) азаматтық қорғау органдарының жүйесінде ведомстволық білім беру саласындағы саясатты іске асыру.

4) жүйелі кәсіби қызметтік жұмысты ұйымдастыру азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы.

5) азаматтық қорғау органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастыру.

6) азаматтық қорғау органдарының жобалық қызметін ұйымдастыру.

7) азаматтық қорғау органдарының жүйесінде бірыңғай ұйымдастырушылық -штаттық саясатты іске асыру.

8) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылықты және тәртіпті бұзуының алдын алу.

9) азаматтық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеулер жүргізу.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2502 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить