Алматы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мобильділік басқармасының басшысы болып Сағындык Телібаев тағайындалды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сағындык Телібаев Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2007 жылдары – «Алматыметроқұрылыс» АҚ күрделі құрылыс бөлімінде тау-техникалық инженер, «Алматының салынып жатқан метрополитені дирекциясы» ШЖҚ МҚК күрделі құрылыс бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеген.
2011-2013 жылдары – Алматы қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары – аталмыш басқармада жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы болған.
2016-2019 жылдар – аралығында жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары – осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары – ШЖҚ «Метрополитен» КМК директоры болды.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»
