Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 17,8%-ға өсті және 22,1 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылдың 9 айы бойынша $18,7 млрд). Үш тоқсанның көрсеткішін бүкіл 2021 жылы тартылған инвестициялар көлемімен салыстыруға болады ($23,8 млрд).

Инвестициялар ағынының ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде: 36,9% ($4,9 млрд), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% ($3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% ($938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд) байқалды.

Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд), Оңтүстік Корея ($1,1 млрд), ҚХР ($996,7 млн) және Франция ($538,1 млн) кірді. Бұл ретте, Бельгия мен Оңтүстік Кореядан ТШИ ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2544 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить