Елордалық көпсалалы ауруханада бір тәулікте 13 сәби дүниеге келді

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тимур Мұратов жаңа жылдың бірінші күні №3 көпсалалы қалалық ауруханада болып, жас аналар мен қаланың ең көне медициналық мекемесінің ұжымын мерекемен құттықтады. Бұл туралы аурухана директоры Жұлдыз Данбаева өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен тәулікте ауруханамызда 13 бала дүниеге келді. Оның ішінде Жаңа жыл түні - 3 бала. Үшеуінің де қыз болуы ерекше жағдай. Біздің ата-бабаларымыз ежелден қыздың дүниеге келуі – молшылық пен береке деп есептеген», - деп жазды ол.

Сәбилерге жаңа туған нәрестелерге арналған конверттер сыйға тартылды, олардың аналарына гүл шоқтары мен елорда әкімінің атынан құттықтау хаты табысталды.

«Ауруханада жыл сайын 8 мыңнан астам босанатын әйел медициналық көмек алады. Акушерлер күніне 15-25 әйелді босандырады. Мәселен, 2022 жылы біздің перзентханада 7222 сәби дүниеге келген», - деп қосты Жұлдыз Данбаева.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2313 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить