UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилмен жекпе-жегі көктемге қалдырылатынын растады. Sports.kz Шавкаттың Instagram-парақшасына сілтеме жасап жазуынша, АҚШ өкілімен жекпе-жек наурыз айында өтеді.
Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, алайда Нил жарақат алып, турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.
«Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас та шыға алмайтын болды. Құдай қаласа, жекпе-жекті наурызға қалдырдық», - деп атап өтті Рахмонов.
Вам может быть интересно: «В семи областях закрыты автодороги республиканского значения »
