Мерекелік жаңа жыл күндері шұғыл медициналық көмек қызметінің жұмысы көбейеді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс тәулігінде Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 33370 шақыртуды қабылдады және қызмет көрсетті, бұл орташа айналымнан 20%-ға жоғары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деп хабарлайды.
Бұл жағдайда жеделдіктің бірінші санатындағы қоңыраулар (мысалы, себептер: кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар) 4%-ды құрайды.
Жеделдіктің екінші санатындағы қоңыраулар 23%-ды немесе 23 575-ті құрайды. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты және басқа да шақытулар жатады.
Шұғылдықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты.
Шығудың ең үлкен үлесі - 4 санат (созылмалы аурулардың асқынуы) - қоңыраулардың 45%-ын құрайды.
Вам может быть интересно: «Токаев подписал три закона»
