Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 127 жол учаскесі жабылды

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) 127 жол учаскесі жабылды, оның 49-ы республикалық, 78-і облыстық маңызы бар жолдар, деп хабарлайды  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалған.

Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай) бар, 145 техника сүйретілді.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункті ұйымдастырылған, сонымен қатар 87 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 420 адам болса, оның 69-ы балалар (Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облысы).

Тұрғындарды ескерту мақсатында ауа райының қолайсыздығы туралы 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілген.

Құтқару жұмыстарына барлығы 1000-ға жуық адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың және Ішкі істер министрлігінің 600-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.

Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1547 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Основатель КДЛ "Олимп" Ерлан Сулейменов: о связях с Минздравом, неудачных праймериз и вакцинировании

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить