Қазақстанда тәулік ішінде жолда қалған 690-нан астам адам құтқарылды

Елімізде ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) байланысты 72 жол учаскесі жабылды, оның 40-ы республикалық, 32-сі облыстық маңызы бар, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, мұндай штабтар облыстарда да (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстары) жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 1000-нан астам көлік жиналып қалған.

Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала бар, 145 техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пунктері ұйымдастырылған, сонымен қатар эвакуациялау техникасы дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 179 адам болса, оның 16-сы балалар.

Тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту мақсатында 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 114 хабарлама жіберілген.

Құтқару жұмыстарына барлығы 4 мыңға жуық адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және Ішкі істер министрлігінің 1300-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері Түрген шатқалынан Алматы қаласына 37 көлікті шығарып салуда.

Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1629 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить