Түркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды

Түркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күні кеше Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, қатты желдің әсерінен Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары арқылы өтетін республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар жолдар жабылды.

Жабылған жолдар бойынша 11 учаскеде Түркістан облысының полицейлері қызмет етті.

Аталған учаскелерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерінің 41 техникасы, ал басқа да құзырлы мекемелерден жолдарды тазартуға жалпы 73 арнайы техника жұмылдырылды. Полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 114 автокөлікте болған 261 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

Ал Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 автокөлік учаскелерде тұрақтады. Оның ішінде 325-і үлкен салмақты жүк көлігі (фура), 37-сі Газель жүк көлігі, 70-і жолаушылар автобусы, 50-і жолаушылар микроавтобусы, 112-сі – жеңіл автокөлік. Ондағы 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1945 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3786
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить