Жамбыл облысының полицейлері қар құрсауынан 500-ден астам көлікті шығарды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде тұрғындарды табиғи апаттардан қорғау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлығы 400-ге жуық ПД қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары қалың қар құрсауынан 500-ден астам автокөлікті шығарды.

Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына және айналаның көрінуінің нашарлануына байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолдарында 160-шақырымнан 239- шақырымына дейін, сондай-ақ Тараз – Шымкент учаскесінде 534-шақырымнан 593- шақырымына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жолдары жабық.

Полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдеуді жүзеге асыруда.

Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына қатысып, қалпына келтіру-тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарын аралап, тұрғындарға жол сапарына шықпауға, үйде отыруға және көліктерін қауіпсіз жерге қою қажеттігін ескертеді.

Полиция қызметкерлері құлаған ағаштарды, қауіпті электр сымдарды, үйлердің құлаған шатырларын жинастырып, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2439 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3786
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Санжар Бокаев: политика и бизнес

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить