Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов облыстың сот корпусына тағайындалған облыстық сотының судьясы мен аудандық сот төрағаларын таныстырды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне Олжас Сүлейменов Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды. Сонымен бірге Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Жапарова, Бурабай аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Әбимұратова, Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметіне Дамиля Нәукенова (Абай облысы Бородулиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып), Қорғалжын аудандық сотының төрағасы қызметіне Серік Төлеев (осыған дейін Көкшетау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы қызметін атқарған) тағайындалды», - деді ведомстводан.

Арман Жүкенов тағайындалған облыстық соттың судьясы мен жергілікті сот төрағаларын жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сотқа сенімін нығайту қажеттігін атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2190 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить