Алматы облысында ірі есірткі зертханасынан 30 келі мефедрон табылды

Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген бірлескен іс-шаралар барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.

7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күшімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды.

Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактив табылып, тәркіленді.

Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арнасы және басқа да сыбайластарды анықтайтын тергеу шаралары жүріп жатыр.

Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1829 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Почему Булат Абилов рвётся к власти?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить