Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінді. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты.

Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады.

Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1910 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить