Дәстүрлі Жәутіков олимпиадасына 25 елдің оқушылары қатысады

 1 ақпан күні Алматыда ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады. Оған әлемнің 25 елінен 1200-ден астам оқушы қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды.

Алыс және жақын шет мемлекеттерден келген 281 команда үш пән – математика, физика және информатика бойынша білімдерін сынайды. Зияткерлік сайыста еліміздің намысын 250-ге жуық оқушыдан жасақталған 35 команда қорғайтын болады.

Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі жасалатын болады.

«Халықаралық қазылар алқасының құрамына ТМД-ның ең мықты техникалық университеттерінің өкілдері кіреді. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.

Олимпиада 1-10 ақпан аралығында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтеді. Сайыс қорытындысы 10 ақпанға жоспарланған», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2217 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4010
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2705
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3403
Forbes Video

КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить