ҚР ИИДМ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство басшысы Марат Қарабаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың қатысуымен отырыс өткізіліп, онда министрліктің құзырындағы салаларда жемқорлық фактілерін болдырмаудың жолдары пысықталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Айталық, кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға байланысты іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері қарастырылып, сондай-ақ құрылыс саласы бойынша бұл бағыттағы қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының тармақтарын орындау мәселелері қаузалды.

Бұл ретте жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарындағы тармақтардың орындалуы туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Абдуллин, Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Қоспабаев, сондай-ақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Т.Қарағойшин айтып берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ИИДМ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі министрлікке қарайтын салаларда жемқорлық әрекеттерін алдын алу мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылды орнату жөнінде шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде осы бағыттағы жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауға септігін тигізбек. Бұған қоса қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған міндеттерді іске асыруда тығыз ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1951 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3962
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2644
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3357
28 марта родились
председатель совета директоров ТОО «КазАзот»
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить